Ел келешегі – білімді ұрпақ қолында

Х.Нәубетов атындағы орта мектептің ұстаздары осы мақсатта талмай ізденіп, еңбек етуде. 

Мектебімізде деңгейлік курс бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалім-дер мен жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдерден құрал-ған «Ұшқын» кәсіби қоғамдастығы жұмыс істейді.

Мектепішілік ұстаздар қауымы арасында фокус топтар құрып, жаңа технологияны өз іс-әрекеттеріне енгізуге бағыт-бағдар беру, әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибелері негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту, мектепті дамыту жоспарына сай көшбасшылық ат-қару, жаңа мазмұнға бағытталған оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыру және топтық жұмысты оқу үдерісіне енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы олардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс істейтін қоғамдастық мүшелері ағымдағы жылдың 12-16 ақпаны аралығында «Шығармашылық шыңдалу- рухани даму» тақырыбында апталық өткізуді жоспарлады. Жоспар мектеп директорының міндетін атқарушы, көшбасшымыз Қайре-денова Гүлпара Аронқызымен пікірлесе отырып жасалды. Мектебіміздегі мұғалімдердің барлығы бес фокус топтарға: «Серпін» (көшбасшысы Такенова Райса), «Жаңару» (көшбасшысы Сабырова Дариға), «Жаңашыл» (көшбасшысы Кисамиева Ұлмекен), «Кемеңгер» (көшбасшысы Жанғалиева Айнагүл), «Ұлағат» (көшбасшысы Жаулыбаева Мадениет) болып бөлінді. Әрбір топ бір күнге өздерінің ашық сабақтарын, тәрбиелік шараларын, үзіліс кездерінде ұстаздар мен оқушылардың қолайлы дем алуларына жағдай жасау мақсатында сергіту сәттерін жоспарлап, әр күні кешінде қорытындыланып отырды. Бұл апта «Ашық есік» күндері болып белгіленді. Апталықта әдебиеттік оқу пәнінен өткен 2 сыныптағы «Ұйықта, балам, жата ғой» (пән мұғалімі Нұрмашева Ш.), математика пәнінен өткен 3 сыныптағы «Өтілген тақырыпты пысықтау» (пән мұғалімі Махмутова Ә.), қазақ тілі пәнінен өткен 5 сыныптағы «Автокөліктер тарихы» (пән мұғалімі Нұрмұханова А.), 6 сыныптағы «Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеуі» (пән мұғалімі Кисамиева Ұ.), 9 сыныптағы «Қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауышқа, одағайға байланысты қойылатын үтір» (пән мұғалімі Абдолова Ә.), жаратылыстану пәнінен «Энергия түрлері» (пән мұғалімі Ерғалиева Н.), 6 сыныптағы орыс тілі пәнінен «Обстоятельство, выраженное наречием» (пән мұғалімі Сабырова Д.), ағылшын пәнінен «Invitation» (пән мұғалімі Тілепқалиева Ж.), музыка пәнінен «Бақтағы бұлбұл дауыс» (пән мұғалімі Жиенғазиева Н.), «Өзін-өзі тану» пәнінен 7 сыныптағы «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» (пән мұғалімі Жанғалиева А.) өткен ашық сабақтардан әріптестер өздеріне көп тәжірибе жинақтады, сабақта жеті модуль ықпалдастырылып, Блум таксономиясы негізінде құрыл-ған, бағалау түрлері түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді ұштастыра білуімен, оқушы қызығушылығы мен белсенділігінің жоғары болуымен сәтті болды.

2 сынып оқушыларымен «Табиғат- әсемдік әлемі» ( Ғарифоллаева А., Айтжанова С.) тәрбиелік шара, 4 сыныптар арасында «Балғын математиктер» (Болатқали А., Даулетова Т.) сайысы, «Дос болам десең, досымды сыйла, қымбаттым» (Нәбиева Г., Аманбаева Ж.) сынып сағаты, 5-7 сыныптар арасында «Андерсен кейіпкерлері» (Бисенғалиев С., Абилхайрова Т.) шеберлік сыныбы, «Ұлттық ойын-халық қазынасы» сайысы (Бисенова Б.), 8 сыныптар арасындағы «Толағай» (Сейтова М., Құбаева Г.) интеллектуальдық- спорттық сайысы, 8-9 сыныптардың ұл оқушылары арасындағы «Адал ұл ер боп туса, ел тірегі» (Ә.Сәдірова, Г. Сүндетова) іскерлік ойыны, 10 сыныптардағы «Мамандық- өмір таңдауы» (Есқалиева А.) пікірталасы, 11 сынып оқушылары мен ата- аналары арасында өткен «Мамандық таңдау- өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» (Жүнісова Н., Қабдолова Ж.) тренингі де топтық оқыту әдісімен, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, қабілет пен дарындылықты ұштау мақсатында оқушыларда зор қызығушылық тудырып, мұғалімдерге де берері мол болды.

Үзіліс кездерінде де түрлі сергітулерді дене шынықтыру пәні мұғалім-дері Қапаров Е., Торғаев Р., Сапабеков Б., Мұғайепова А., Масалова М., Санатова О., Сармолдин Ә. ұйымдастырды. Математика пәні мұғалімі Қапарова Зульфия «иә», «жоқ» сауалнамасы арқылы «Оқушы үнін», яғни оқушылардың негізгі пәндер туралы көзқарастарын зерделеп, мониторинг дайындады және мұғалімдерге таныстырды. Сол сияқты «Өз пәніңді қызықты, қолжетімді өткізудің қыр-сырлары» тақырыбындағы әдіс-тәсілдер көрмесін дайындаған ағылшын тілі мұғалімі Ерболатова Жансая қызығушылық танытқан әріптестерге түсінік жұмысын жүргізді. Коуч Жаулыбаева Мадениет «Біліктілік- биікке бастайды» тақырыбында жас мұғалімдермен коучинг өткізді. Коучинг барысында тапсырмаларды орындауға белсенді қатысқан жастар осындай коучинг сабақтардың жиі болуын тілек етті. Апта соңында қорытындыланған апталық мұғалім-дердің де, ата- аналардың да, оқушылардың да көңілінен шықты.

Дариға САБЫРОВА,

Х.Нәубетов атындағы орта мектептің «Ұшқын» қоғамдастық жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521