Исатайлық оқушылар «Мағжан оқуларында» топ жарды

Жұма күні «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі болып өтті.

Атырау облыстық білім беру басқармасына қарасты «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы ұйымдастырған өлең бәйгесіне қала және аудандардан байқаудың алғашқы кезеңінде іріктілген жеңімпаз оқушылар қатысты. Олардың қатарында Мағжанды Пір тұтатын, сансыз өлең-жырларын жатқа білетін исатайлық жас дарындар да бар.

Байқаудың нәтижесінде, қос бірдей исатайлық оқушы жеңімпаз атанды. Нақтырақ айтқанда, Новобогат орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мұрат Ақбота «Жасынан оқу оқып, өнер қуған…» - ғылыми жоба жұмысы бойынша және Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Ескендір Төребек «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы бойынша әділ қазылар алқасын тәнті етіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ Аққыстау орта мектебінің оқушысы Орынбай Дильназ жүлделі ІІ орынды еншіледі.

Айта кетейік, «Мағжан оқулары» байқаулары 2010 жылдан бастап дәстүрлі түрде өтіп келеді. Республикалық деңгейде өтіп жүрген бұл байқаудың басты мақсаты жастар арасында сөз зергерінің шығармашылығын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521