Исатайлық ұстаз «Үздік педагог» атанды

Жұма күні «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауының облыстық кезеңі болып өтті.

Атырау облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастырған байқауда қала және аудандардан іріктелген 8 үміткер бақ сынады. Аталмыш білім бәйгесіне Исатай ауданының атынан аудандық кезеңнің жеңімпазы, «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының педагог-сарапшысы Қарақат Жақсымбетова қатысты.

66374d3d-d894-4b1e-9d93-ee74c1b631a4

Ережеге сай, үміткерлер «Педагогтің Е-портфолиосы» аталған алғашқы кезеңде өз портфолиолерін қорғаса, «Мен – педагогпын» атты екінші кезеңде сұхбат берді. Сондай-ақ үшінші кезеңде «Балалармен өткізген қызықты сәт» тақырыбында алдын-ала дайындап әкелген бейнетүсірілімдерін назарға ұсынды. Нәтижесінде, барлық кезең бойынша қарсыластарынан басым түскен жерлесіміз облыстық байқаудың жеңімпазы атанып, аудан абыройын асқақтатты. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар мен марапат ұсынылды.

Осылайша, исатайлық педагог ендігі күннің еншісінде тұрған республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайтын болады.

9ddb2642-d6a4-45ab-b4ce-fe1e2338c31f

Облыстық байқаудың жеңімпазын «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Жанаргүл Қапажанова бастаған әріптестері сән-салтанатымен қарсылап алғанын да айта кеткен жөн.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521