Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан командасы 100% нәтиже көрсетіп, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды:
Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.
Айта кетейік, IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.