Міне, жаз айы да басталып, балалар каникулға шықты.
Осы кезде балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында лагерьлер ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің жанынан «Ұлан» демалыс лагері ашылып, өз жұмысын бастап кеткен болатын. Жақында біз осы лагерь ұйымдастырушысы Гүлшара Уәлиоваға кездесіп, жазғы демалыстың қалай өткізіліп жатқаны жөнінде біліп қайтқан едік.
- «Ұлан» демалыс лагері екі ауысым бойынша жұмыс істейді. Бірінші кезең - 1-15 маусым күндері аралығында болса, екінші кезең 16-30 маусым күндері аралығын қамтиды. Әр маусым бойынша 50 оқушы демалмақшы.
Балалар таңғы сағат 8-ден бас-тап, кешкі сағат 6-ға дейін бос уақыттарын осында өткізеді. Жоспар бойынша күніне түрлі тәрбиелік-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Спорттық ойындар, білімдерін ұштайтын түрлі тақырыптағы сайыс-тар өткізілмекші. Сондай-ақ 8 тәрбиеші кезекпен-кезек өз қызметтерін атқаруда. Арнайы бектілген ас мәзірі бойынша балаларға үш мезгіл тамақ беріледі. Тағы бір айта кететін жайт, қазір лагерьде аз қамтылған отбасыдан - 12 бала, көпбалалы отбасынан - 12 бала демалуда, -дейді ол бізбен болған әңгімесінде.
Сағыныш ҚАЙЫР