Марк Виндейл мектеп мұғалімдерімен кездесті

Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебі базасында Британ елінің елшісі Марк Виндейл мырза «Ағылшын жетістік үшін» жобасы бойынша аудан мұғалімдерімен кездескен болатын.

Жоба мақсаты - заман талабына сай мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру және оқушылардың білім сапасын көтеріп, қызығушылықтарын дамыту.

Аудан мұғалімдерін жоба аясында оқыту үшін ағылшын тілі ұстаздарының тренері Аругүл Бекболатқызы және STEM мұғалімдерінің тренері Мейрамбек Мұратұлы арнайы курстан өтіп, өз жұмысын бастады. Тренерлер ағылшын тілі және STEM мұғалімдеріне курстар және семинарлар өткізіп, өз дәрежесінде жұмыстар жүргізілді. Орындалған жұмыстарды саралау мақсатында Марк Виндейл мырза тағы бір мәрте Абай атындағы орта мектебіне келіп, мұғалімдермен кездесті. Ағылшын тілі мұғалімдерінің тренері Аругүл Бекболатқызы өткізген жұмыстары бойынша жұмысын қорғап, тәжірбиесімен бөлісті. Өркен орта мектебінің химия пәні STEM мұғалімі Жиембердиева Айсана ағылшын тілінде сабақ өткізіп, Марк мырзаны таңқалдырды. Жоба аясында курстан өткен мұғалімдер портфолио тапсырып, талқылады.

Кездесу соңында Марк мырза мектеп директоры Гүлайна Махмудақызымен, мектебіміздің STEM мұғалімдері Анаргүл Амангелдіқызы, Альбина Айтжанқызымен және мектеп оқушыларымен сұхбаттасып, пікір алмасты, оқушылар мен мұғалімдерге шығармашылық табыс тілеп, ұстаздар мен тренерлердің жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Назерке ИСАТАЙҚЫЗЫ,

Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT