«Мектепке жол» акциясы жыл бойына жалғасады

«Мектепке жол» акциясы жыл бойына жалғасады Кез келген тұрғын мұқтаж отбасыларға көмек қолын соза алады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен іске қосылған atamekenim.kz порталы арқылы, мұқтаж ата -аналар «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алуға өтініш қалдыра алады.

Бұл туралы Атырау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова  онлайн -брифинг барысында мәлім етті.

- Платформа 2020 жылдан бері тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Меценаттар мен демеушілер келіп түскен өтінімдер негізінде қаржылық көмек аудара алады. Мұндай жүйе көрсетілген көмектің ашықтығына мүмкіндік береді. Балалардың ата -анасынан немесе олардың заңды өкілдерінен келіп түскен өтініштер мәліметтер қорының ұлттық идентификаторының деректерімен салыстырылады, осылайша, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілетін болады, - деді Айнагүл Дүйсекенова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521