NIS SHARE жобасы аясында Атырау қаласындағы NIS пен тірек мектептер арасындағы байланыстың жаңа кезеңі басталды.
Жоба мақсаты – оқу және оқыту үдерісін жетілдіру бағытында мектептер арасында бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе алмасу және кәсіби серіктестікті дамыту. Осы мақсатта жуырда NIS Атырау мұғалімдері Махамбет ауданындағы Төленов атындағы орта мектепке жұмыс сапарымен барып, мектептің оқу-тәрбие үдерісімен, ұжымымен және мектептің қызметтік ерекшеліктерімен танысты.
Кездесу барысында NIS өкілдері тарапынан ұстаздарға NIS SHARE жобасы туралы түсінік беріліп, алдағы бірлескен зерттеу жұмыстарының бағыттары, жоспарлары талқыланып, негізгі қадамдар айқындалды. Аталған жоба NIS пен тірек мектептер арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді алаңға айналмақ.


