Оқушылар пікір-сайысқа қатысты

Аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында 4-сәуір күні Жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Абай және Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептері оқушыларының арасында «Қоғам - жастар көзқарасымен» тақырыбымен пікір-сайыс өтті.

Олар жалпы қоғам мен жастардың арасындағы ауқымды мәселелер жөнінде даттаушы және жақтаушы топ болып сайысқа түсіп, қорытындысында Абай орта мектебінің жақтаушы жағын қорғап шыққан «Тәуекел» тобы үздік деп танылып, орталық атынан диплом мен сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар пікір-сайыс алаңында сөзге жүйрік, белсенділігімен көзге түскен топ мүшелері де Алғыс хатпен марапатталды. Бұл шараны өткізу арқылы жастардың пікір-сайыс технологиясы бойынша тәжірибе алмасуына жағдай жасап, аймақта пікір-сайыс қозғалысын жаңартып, жастардың бос уақыттарын ұйымдастыру секілді мәселелер талқыға салынды. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды сайыстар өткізу жоспарлануда.

Гүлмарал ЖҰБАНОВА, аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT