Оқушы жетістігі - мектеп мақтанышы

Білім - оқу-білімнің, өнер-ғылымның іргетасы, тәуелсіз еліміздің дамуының алтын арқауы.

Ел өркениеті қашанда жастардың білім деңгейімен өлшенеді. Ендеше, ертеңгі күннің еншісі - бүгінгі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де жарқын болуы - рухы асқақ, өресі биік, білімді де талантты ұрпақ қолында.

Олай болса, ғылым мен білімді байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарының бірі - жалпы білім беретін пәндері бойынша олимпиадалары мен білім сайыстары, ғылыми жобалар болса, мектебіміздің дарынды оқушылары «Ғылым мен жастар - табысты болашақтың сенімді кепілі» атты оқушылар мен студенттерге және жас ғалымдар мен жас зерттеушілерге арналған Х республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясына қатысып, бас жүлдені иеленген Дильназ Ринатқызы мен Қанипа Бітбаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет сайысына оқушылардың республикалық олимпиадасына облыс атынан барған он екі оқушының ішінде топ жарып, аудан абыройын асқақтатып жүлделі оралған Айкен Асқарова, Дана Мейрамбекқызы, Асылажар Ескендір - осының айқын дәлелі болса керек.

Биылғы жылы мектеп қабырғасынан түлеп ұшқалы отырған түлектеріміз Дильназ Ринатқызы мен Айкен Асқароваға алдағы ҰБТ сынағынан ойдағыдай өтіп, жарқын болашаққа қаққан қанаттарың талмасын деп тілек айтқымыз келеді. Дана мен Асылажарға келесі оқу жылында да жүлделі орындардан көрініп, аудан, облыс намысын қорғап, биіктерді бағындыра берулеріне тілекшіміз. Дарынды оқушыларды дайындаған педагог-зерттеуші Әмина Тастемірова мен педагог-сарапшы Айгүл Сырымоваға айтар алғысымыз шексіз. Дарынды шәкірттеріңіз болашақта осындай биік белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жете беруіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі атынан тілектестігімізді білдіреміз.

Шолпан БӘДЕЛОВА,

Аққыстау орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

педагог-зерттеуші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521