Оқушылардың денсаулығы - басты назарда

«Біздің бақытымыздың» оннан тоғыз пайызы денсаулығымызға байланысты» депті Артур Шопенгауэр деген бір мықты.

Ия, сол оқымысты айтқандай, шынында да, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау – бүгінгі күндері мемлекеттіміздің ең маңызды стратегиялық міндеттерінің біріне айналып отыр, - деп мәлімдеді бүгін өткен аудандық мәслихаттың кезекті XVII сессиясында аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева.

Оның айтуынша, халқымыздың денсаулығының іргетасы осы бала жастан қаланады. Сондықтан қазіргі кезде ауданымызда мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып жатқан көрінеді. Мәселен, қазіргі таңда мектеп ғимараттарында қолданыстағы эпидемиологиялық гигиеналық-санитарлық талаптарға сай құралдардың (санитайзер, антисептик, қолғап, маска, деохлор) барлығы алынған. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мақсатында дәліз бойына, сынып бөлмелеріне үзіліс кезінде 2 мезгіл ылғалды тазалық және оқу ауысымдары уақытында толықтай тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сыныптарға кварц уақытымен қойылады. Дәліздерде арақашықтықты сақтау белгілері бар және қол жуатын антисептиктер қойылған. Кіре берістерде дезинфекциялау туннелі орнатылған.

Сондай-ақ оның сөзінше, мұғалімдерді ревакцинацияланау мен 12 жасқа толған оқушылардың вакцинациялауы бойынша да мектеп медбикелерімен бірлесіп, түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді.Күні бүгінге дейін мұғалімдер бойынша 1074-і вакцина алса, 383 мұғалім ревакцинациялаудан өткен. Техникалық қызметкерлер бойынша 733 вакцина алған, оның 242-і ревакциялаудан өткен. Сонымен қатар 12-17 жас аралығындағы оқушыларды да вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күнге дейін 186 оқушы ата-аналарының келісімі бойынша Pfizer вакцинасын алған.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауданымыздың 15 мектебінде 422 (204 ішкі, 118 сыртқы) бейнебақылау камералары орнатылған. Бейнебақылау камерасының барлығы жұмыс жасап тұр. Бейнебақылаулардың ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәулікті құрайды. 2020 жылы қосымша бейнекамералармен толықтыру және жөндей жұмыстары жүргізілген. Сол жылы 10 орта, 4 бастауыш мектепке ішкі әжетхана жұмыстары жүргізілген. Қазір барлық мектептерде ішкі әжетханалар жұмыс жасап тұр.

Барлық мектептер орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Жылу беру автономды қазандықтар арқылы жүреді. 13 мектепте табиғи газ болса, Қызыл үй негізгі мектебі сұйық отынмен, Жасқайрат қатты отынмен жұмыс істеуде. Мектептердің барлық кабинеттерінде жылу жағдайы бірқалыпты. Мұғалімдерге сабақ өткізуге, оқушыларға білім алуға барлық жағдай жасалған. Оқу жиһаздарының өлшемдері оқушылардың бойына сәйкестендірілген.
Ыстық тамақ беру ұйымдастыруда дұрыс жолға қойылған. 14 мектеп бойынша тамақтың сапасы үнемі бақыланып отырады. Аудан бойынша 5 мектепте мектеп оқушыларын үйлеріне тегін тасымалдау жөнге келтірілген. Қазір аудан бойынша 381 оқушы тасымалданады. Оларға 4 автобус және 1 «Газель» бөлінген.

Қашықтықтан оқыту жағдайында аудан бойынша оқушылардың компьютермен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат жинақталып, мониторинг жүргізілген. Компьютерлері жоқ оқушыларға білім беру ұйымдарының балансындағы компьютер мен планшеттер уақытша пайдалануға қайтарыммен берілсе, облыстық білім беру басқармасы арқылы алынған 240 планшет, 199 компьютер, 1100 ноутбук мектеп есебіне беріліп, оқушыларға таратылған.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521