«Пайда ойлама, ар ойла»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Біздің міндетіміз – жастардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын Отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа адал қызмет ету» деп атап өтті.

Жастар – еңселі еліміздің болашағы десек, жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, оларды өз елінің патриоты ретінде тәрбиелеу барша педагогтің міндеті деп білемін.

Осыған орай Исатай аудандық оқушылар үйінде «Елбасы медалі» үйірмесі оқушыларының қатысуымен «Пайда ойлама, ар ойла» атты еркін форматтағы дөңгелек үстел өтті. Үш бөлімді қамтыған шараны ашып берген оқушылар үйінің директоры Ақтолқын Ғизатова озат оқушылырамызға оқуда сәттілік, шығармашылық жетістіктер тіледі.

Үйірме жетекшісі Айдана Байболатованың ұйымдастыруымен өткен шараға Ж.Мырзағалиев атындағы және Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, Аққыстау, Өркен орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Бірінші бөлім – «Мен еліме не беремін?» деп аталып, топпен постер қорғауымен басталса, екінші бөлім ынтымақтастықты құру мақсатындағы тренингпен өрбіді. Үшінші кезең – «Бір кесе шай» деген атаумен оқушылардың шай іше отырып, көкейде жүрген сұрақтарын біріге отырып талқылауымен ерекшеленді.

Оқушылардың бойына патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, достыққа, бірлікке, бірін-бірі сыйлауға, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу, өз Отанының шынайы жанашырын қалыптастыру мақсатын көздеген тағылымы мол шараны оқушылар «егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында Отанды сүйіп, өз еліміздің шынайы патриоты болып үлес қосайық» деген пікірмен қорытындылады.

                                                                  Айтолқын ІЗТАЕВА,

                Исатай аудандық оқушылар үйі директорының

оқу-тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521