banner_damu

Педагог жалақысы қаншаға өседі?

Жолдаудың негізгі бағыты – экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жəне əлеуметтік мақсатты саясатты ұстану.

Сонымен қатар білім саласына қатысты маңызды басымдықтар бар. Арнайы бөлім сапалы білім беру деп аталады. Сапалы білімді қамтамасыз етудің бір жолы – мұғалімдерді əлеуметтік қолдау.

Жолдаудың негізгі бағыты – экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету жəне əлеуметтік мақсатты саясатты ұстану. Сонымен қа ар білім саласына қатысты маңызды басымдықтар бар. Арнайы бөлім сапалы білім беру деп аталады. Сапалы білімді қамтамасыз етудің бір жолы – мұғалімдерді əлеуметтік қолдау. Жолдауда «Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз. Қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогикалық мамандықты қалап, оқуға түскендердің орташа балы күрт өсті. Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз» деді.Педагогтарды қолдау шараларын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті де жүйелі жүргізеді. Университет оқытушыларының еңбекақысы 2020 жылдан бастап мақсатты түрде 3 рет көтерілді. Атап айтқанда, 2020 жылғы ақпан жəне қазан айларында педагогтардың жалақысы өсті. Биылғы қыркүйек айынан бастап университет профессор-оқытушыларының еңбекақысы тағы да өскелі отыр. Бұл жұмыстар Білім жəне ғылым министрлігінің тапсырмасымен жоғары оқу орындары педагогтарын əлеуметтік қолдау бойынша іске асырылуда. Университет өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне талдау жасап, 2021-2022 оқу жылында оқытушылардың еңбекақысын көтеруді жоспарлап отыр. Мысалы, өткен оқу жылында оқытушының жалақысы 125 мың шамасында болса, енді 202 мың теңгені құрайды. Ал, аға оқытушылар өткен жылы 143131 теңге алса, енді ол 230000 болмақ. Ғылым кандидатының еңбек ақысы 157 156 теңгеден 260 000

Сонымен қатар Атырау университеті «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне лауазымдық жалақыларының 50 пайызы көлемінде үстемеақы төлеуді де көздеп отыр. Жас ғалымдарды қолдау мақсатында философия докторы диссертациясын (PhD) қорғап келгендерге де арнайы сыйақылар беріледі. Сондай-ақ Жолдаудағы Төртінші бас-тамада айтылғандай, университет мұрағаты, музейі, кітапханасы, басқа да салаларда еңбек ететін қызметкерлердің де еңбекақысын көтеру шаралары қарастырылуда.

Жолдауда атап өткендей, педагогикалық мамандықтарға оқуға қабылдау 75 балдан басталды жəне болашақ педагогтардың стипендиялары да жоғары. Осыған байланысты педагогикалық мамандықты таңдаған жастар көбейді, «Алтын белгі» иегерлері көптеп түсе бастады. Мысалы, биыл 24 «Алтын белгі» иегері біздің университетке грант иегері ретінде оқуға қабылданды. Облыстағы мектеп мұғалімдері тапшылығын жою жəне мектепке ер азаматтардың келуіне үлес қосу мақсатында биылғы оқу жылында университетте «Ұстаз» мектебі ашылды. Бүгінде 65 ер бала сабақтарын бастап кетті. Мектептің жұмысы интернат жүйесі бойынша ұйымдастырылған жəне барлық ауданнан балалар қабылданды. Мемлекет басшысы «Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз» деген болатын. Университетте дарынды студенттерді қолдаудың түрлі механизмдері бар. Коммерциялық негізде оқуға түскен халықаралық жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарына, «Алтын белгі» иегерлеріне түрлі жеңілдіктер береді. Жолдауда «жоғары оқу орындары мамандардың сапалы даярлануына жауап беруге міндетті» деп көрсетілген. Бұл өте дұрыс талап, салалық министрлік өткен жылдан бастап ЖОО-ға қойылатын талапты күшейтті.

Бірнеше оқу орны бас лицензияларынан айырылды. Білім беру мен маман дайындауға қойылатын  біліктілік талаптары да күшейтілді. ЖОО рейтингісін анықтайтын талаптың бірі – түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші. Мысалы, университеттің 2020 жылғы түлектерінің 92%-ы жұмысқа орналасты. 801 түлек немесе 46,03%-ы өндірістік тəжірибеден өткен кəсіпорындарға жұмысқа орналасқан. Білім сапасын анықтауда 2020 жылы «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы рейтингісі бойынша университеттің 30 Білім бағдарламасының 16-сы лидерлер позициясында болды. Биылғы оқу жылында біз білім беруде кəсіби жəне икемді дағдыларды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңартуды көздеп отырмыз. Себебі алған білім бүгінгі ғылым мен техниканың жедел дамуы сəтінде тез өзгереді, ескіреді. Сондықтан үздіксіз оқуға, өмір бойы оқуға дайын мамандар шығаруға мүдделіміз. Ол «soft skills» икемді дағдылар арқылы қалыптасады.

Кəсіби ортаға бейім маман дайындау үшін сабақтарды жүргізуге практик мамандар тартылады. Өткен оқу жылында 68 маман тəжірибелік сабақ берді. Жолдауда мəн берілген мəселенің бірі – ауыл шаруашылығы саласы, аграрлық саясат. Ауа райының қолайсыздығы, жем-шөптің жетіспеулігі , жайылымдық жерлердің азаюы – үлкен мəселе. Соңғы жылдары университеттің ғалымдары бұл бағытта арнайы зерттеулер жүргізуде. Осыған байланысты «Биология, гео-экология жəне құрғақ жем-шөп өндірудің ғылыми-өндірістік орталығы» құрылды. Қазіргі кезде ғылыми орталық құрғақшылықты аймақтарға төзімді шөп өсіру бойынша зерттеулер мен тəжірибе жүргізіп жатыр. Атыраудың топырағына төзімді жем-шөп өсіру экологиялық тұрғыдан да тиімді шешім болар еді. Атырау университеті Жолдаудағы білім беру мен ғылым саласындағы міндеттерді орындау бойынша кешенді жұмыстарды жалғастыра беретін болады.

Саламат ИДРИСОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің

басқарма төрағасы – ректор,

Атырау облыстық мəслихатының депутаты

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика