Қарлығаш - жылдың үздік логопед-дефектологі

Жерлесіміз дефектолог мамандар арасында өткен «Жыл үздігі - 2021» республикалық онлайн байқауға қатысып, «Үздік логопед-дефектолог - 2021» аталымына ие болды.

Халықаралық академия педагогтар мен психологтардың ерте дамыту қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің әр өңірінен 60-қа жуық дефектолог маман қатысты. Олардың қатарында жерлесіміз «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының дефектолог маманы Қарлығаш Сахибеденова да бар.

d

Байқаудың шартына сай қатысушылар өзін-өзі таныстыру, жетістіктер портфолиосын қорғау және ситуациялық сұрақтарға жауап беру сынды бөлімдер бойынша сынға түсті. Бір ай уақытқа созылған республикалық байқаудың қорытындысы бойынша жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Орал қаласында ұйымдастырылып, нәтижесінде Қарлығаш Сахибеденова «Үздік логопед-дефектолог - 2021» аталымына ие болып, облысымыздың мерейін асырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521