«Самғау» - самғаған сайыс

Атырау облысы білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының ұйымдастыруымен Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының базасында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, олардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ету мақсатында қолға алынған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қала және аудандардан барлығы 36 мұғалімнен құралған 9 команда қатысты. Олардың қатарында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпаздары Ж.Мырзағалиев орта мектебінің математика пәні мұғалімдерінен құралған «Самғау» командасы да бар.

b

Олимпиаданың шартына сәйкес облыстық кезеңге қатысушы командалар олимпиадалық есептерді шығаруда 4 бөлім бойынша сынға түсті. Нәтижесінде қазылар құрамының шешімімен жерлестеріміз ІІІ орынға лайықты деп танылып, облыстық кезеңнің жүлдегерлері атанды. Айта кетейік, қазылар құрамының қатарында «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің директоры Әрін Қайса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы Айгүл Мырзашева және педагогикалық шеберлік тренері Ақерке Мұратқызы болды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521