Сауықтыру лагерьлері жұмысын бастады

Жылдағы дәстүр бойынша жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру шаралары жоспарланып, өз дейгейінде жүзеге асуда.

Аудандық білім бөлімінен алынған мәліметтерге сүйінсек, ағымдағы жылдың көрсеткіші бойынша сауықтыру лагерьлеріне демалу 98,2 пайызды құрап, 4688 оқушының 4620-сы қамтылған болса, 2018 жылдың жазғы сауықтыру шараларының жобасына сәйкес 1-10 сынып аралығындағы 4772 оқушының 4690-ы қамтылып, ол 98,2 пайыз болады деп жоспарлануда. 2017 жылдың жазғы кезеңінде жазғы сауықтыру шараларын ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 2,870 мың теңге бөлінсе, 2018 жылы бұл мақсатқа 5 млн. теңге қаражат қарастырылған. - Облыстық білім беру басқармасының жолдамаларына сәйкес жаз айларында Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» оқу- сауықтыру лагеріне – 15 бала, Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» оқу сауықтыру лагеріне – 7 оқушы жас ерекшеліктеріне сәйкес жіберілетін болады. «Аджип» компаниясының демеушілігімен ұйымдастырылатын Италияның Чезенатико қаласындағы жазғы лагерьге жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған екі оқушы жас ерекшеліктеріне сай жіберіледі. «Қазақстан Геологы» емдеу пансионатының Атырау облысы, Бесікті елді мекеніндегі «Тұлпар» лагеріне 80 оқушы, Ресей Федерациясының Железноводск қаласына 71 оқушыға бөлініс келіп отыр,-дейді білім бөлімінің бас маманы Айнұр Ерғалиева. Аталған сауықтыру орындарына ең бірінші кезекте жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік осал топ санатына жатқызылатын отбасы балалары мен оқу жылында жетістікке жетіп, үздік көрінген оқушыларға ерекше көңіл бөлініп, бөлініс бойынша жіберу қолға алынуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT