«Тәй-тәй» топ жарды

Жақында аудандық білім бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай жоғары сынып оқушылары арасында аудандық «Жайдарман - 2018» көңілді тапқырлар ойыны өтті.

Өнерлі, әртістік қабілеті зор, әзіл айта білетін жастарымызды анықтау, әзіл арқылы қоғамдағы келеңсіз жайттарды жеткізу, оқушылардың тілдік қорын дамыту, аңғарымпаздық қасиеттерін байқау мақсатында өткен ойынға 8 мектептің жайдарманшылары қатысты. Ереже бойынша ойын «Сәлемдесу», «Жамбы ату», «Үй тапсырмасы» сынды 3 кезеңнен тұрды. Бірінші, екінші кезеңдерде командалар өзара жақсы өнер көрсетті. Ойыншылардың шеберлілігін анықтайтын үшінші «Үй тапсырамасы» бөлімінде бір команда «Атырау-Астрахан» тасжолы мәселесін тілге тиек етті, енді бірі отбасындағы келіспеушілік сынды өзекті тақырыптарды әзілге ұйыстырса, мектеп жасындағы оқушыларға тән емес өрескел әзілдермен сынға қалған командалар да кездесті. Әрине, ойын болған соң бәрі де болады, десек те берілген тақырып шеңберінен шықпаған жөн.

Айта кету керек, нарындық «Тәй-тәй» командасының үй тапсырамасы берілген тақырыппен үндесті. Әділқазылар алқасының шешімімен Нарын орта мектебінің «Тәй-тәй» командасы жеңімпаз атанды. І-орын Новобогат орта мектебіне, ІІ орын Х.Нәубетов атындағы орта мектепке бұйырса, ІІІ орынды Исатай орта мектебі иеленді. Сонымен қатар, ойында жан-жақты қырынан ерекше көзге түскен нарындық Әли Төлеген, қамысқалалық Нұрсәт Жәнібеков «Үздік ойыншы» атанды.

Әйгерім ҚҰБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT