Томан мектебі – үздік шағын мектеп

Жуырда жалпы білім беретін Жамбыл атындағы бастауыш мектеп базасында «Үздік шағын жинақталған мектеп»  аудандық байқауы оффлайн форматта өткізілді.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты – білім беру сапасын арттыру, мектептің педагогикалық ұжымының шығармашылық қызметін дамыту, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жоғарылату, үздік шағын жинақталған ауылдық мектептердің жұмыс тәжірибесін облыс бойынша тарату,  инновациялық бастамалар мен технологияларға қолдау көрсету.

Ауданда 5 шағын жинақы мектеп бар. Олардың 1-уі негізгі, 4-уі бастауыш мектеп.

ce55d09f-14c2-41e9-9824-79c2852deb31

Аудандық байқауға Қызылүй негізгі мектебінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айкүміс Ажканова, Жамбыл атындағы бастауыш мектептен мектеп директоры Салтанат Қалиева, Томан бастауыш мектебінен мектеп директоры Бекзада Темірова қатысты. Қатынасушылар байқау талаптарына сәйкес, мектеп туралы бейнефильм көрсетіп, электронды және А-4 форматтағы қағаз түріндегі мектеп портфолиосын қорғады және «Қазіргі білім берудегі өзгерістерге менің көзқарасым» тақырыбында эссе жазды. Нәтижесінде, ауданның «Үздік шағын жинақталған мектеп» атауына Томан бастауыш мектебі лайықты деп танылып, жүлделі 1 орынға ие болды және облыстық байқауға жолдама алды. 2 орынға Қызылүй негізгі мектебі, 3 орынға Жамбыл атындағы бастауыш мектеп ие болды. Сонымен қатар, «Атырау облысы  білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Исатай аудандық комитеті» филиалының төрайымы Қарлыға Дүзбаева марапатталушыларға ескерткіш сыйлықтар табыстады.

Ал, облыстық байқаудан Томан бастауыш мектебінің директоры Бекзада Темірова «Шығармашылық тұлғалар мектебі» номинациясымен ІІ орынды иеленді.

Нұрлан МҰРАТ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT