ҰБТ-2022: Наурыздағы өзгерістер

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері енді мектептердің жұмысын бағалауға қолданылады.

Білім және ғылым министр­­лігі тестілеу қорытындылары негізінде мектептер, сондай-ақ пәндер бойынша талдау жасалатынын хабарлады.

Министрлік бірнеше жыл бұрын ҰБТ қорытындысы бойынша мектептер рейтингін өткізу­ге тыйым салу туралы шешім қабылдаған болатын. Оған қоса мектептер оқушыларды ҰБТ-ға тіркеу және өтініштер жинау міндетінен де босатылды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуын­ша, мұның бірнеше себебі болды. Айталық, мұғалімдерге қосымша жүктеме болатыны, үлгерімі нашар оқушыларды ҰБТ-ға қаты­су­дан шеттету, әкім­дік­­тердің өңір­дің орташа ұпайын әртүрлі тәсіл­мен көбейтуге тырысуы осын­дай шешім шығаруға түрткі болған.

«ҰБТ-ның орташа балы диаг­нос­тикалық функцияны орындай алмады. Тек орташа балды білу пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етілгенін ғана білдірмейді. Ал егер тақырыптар мен пәндер бойынша талдау болса, бұл бас­қарушылық шешімдерді қа­был­дау­ға мүмкіндік береді. Қа­зір қабыл­данған шешім өз рөлін атқар­­ғанын, педагогтер мен мек­­тептерге түсетін жүктемені азай­т­­қанын көріп отырмыз. Яғни оқу­шылар ҰБТ-ға электронды форматта өз бетінше өтініш берді және оларды ҰБТ-дан шеттету, сондай-ақ тек тест ар­қы­лы ғана да­йындау және әкімдіктердің облыс рейтингіне ықпал ету әре­кеттері тоқтатылды. Енді ҰБТ қорытындысы бойынша әр мектеп, облыс, тіпті пән бо­­йын­­ша талдау жасап, оны мек­­теп­­­тердің жұмысын ба­ғалау үшін пайдалануға шешім шы­ғар­­дық. Электронды фор­мат­қа көшу енді тестілеуге тақы­рып­­тық талдау жасауға мүм­кін­­дік береді. Мұндай жаңа­лық­ты біз наурыз айындағы ҰБТ кезінде қанатқақты жоба ре­­тін­де енгіздік», деді А.Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, талапкер бұдан былай тестілеуді аяқ­тағаннан кейін жинаған ұпай­­ларының нәтижесін ғана емес, сонымен қатар қандай та­қы­­рыптарды білетіні және қай­сысына көңіл бөлу қажет екені туралы қосымша талдау алады. Дәл осындай талдау мектепке де, нақты пәнге қатысты да, аудан, облыс және жалпы республика көлемінде де жасалады. Бұл талапкерлерге қандай тақы­рып­тарға назар аудару, қан­дай тақырыптарды күшейту керегін көруге мүмкіндік береді. Яғни сынаққа қатысушылар қазір­­дің өзінде өздерінің әлсіз тұстарын анықтап, жеке тақы­рып­тар­ға көбірек уақыт бөліп, қателермен жұмыс істей алады.

«Осыған қоса мұғалімдер де оқу­шы­лардың қандай тақырып­тар­да қиналғанын көреді. Мыса­лы, математика пәні мұға­ліміне өз оқушыларының бір бөлігі кейбір есептерді нашар шығаратынын байқауға болады. Талдау соның себептерін анық­тауға септігін тигізеді. Дә­лірек айтқанда, мұғалімнің өзі түсіндіруде қиналатыны неме­се бағдарламада уақыт жеткі­лік­сіздігі, оқулықтағы сұрақ­тар мәселесі секілді себептерді білуге мүмкіндік береді. Тиі­сін­ше, талдауға байланысты оқу бағдарламаларын пысықтау, мұғалімдердің мақсатты түрде біліктілігін арттыру, біліктілікті арттыру бағдарламаларын өз­гер­­ту бойынша шешімдер қа­был­дай аламыз. Жазғы ҰБТ қорытындысы бойынша әрбір мектеп, облыс, мұғалім және түлек осындай талдау алады», деді А.Аймағамбетов.

Наурыздағы ҰБТ қоры­тын­дысына келсек, шекті балл жинаған талапкерлердің саны азайды. Қаңтардағы тестілеуде талапкерлердің 70%-ға жуығы шекті балл жинаса, наурызда бұл көрсеткіш небәрі 65%-ды құ­ра­ды. Сәйкесінше орташа балл да қаңтардағы нәтижеден төмен, яғни 68-ден 65-ке түсті.

Сонымен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев таратқан ақ­па­ратқа сүйенсек, наурыздағы ҰБТ-да ең жоғары көрсеткіш 134 бал­ды құрады. 28 қатысушының нәти­жесі 130 балдан асты. Тесті­леу­ге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш келіп түсті, оның жарты­сы­нан көбі ҰБТ тапсырып үлгер­ді. Қатысушылардың 74,2%-ы­ ­қазақ тілінде, 25,6%-ы орыс тілін­де, 0,2%-ы ағылшын тілінде тесті­леу­ден өтті.

«Наурыз айындағы ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 130 бала қатысты. 2022 жылдан бастап ерекше қажеттіліктері бар түлектерге тестілеу тапсырмаларын орындау үшін негізгі 240 минуттан бөлек, тағы қосымша 40 минут уақыт беріледі. Ең көп таңдалған бейінді пәндер комбинациясы өзгермеді: «Ма­те­­ма­тика-Физика» (25%), «Химия-Биология» (17%). Ал ең аз таңдалатын комбинация «Химия-Физика» (0,13%) бол­ды. Бұл пәндерді тапсырып «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламасын таң­дау­ға болады. 63 адам смартфондарды, шпаргал­каларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тесті­леуден өту мүмкіндігінен айы­рылды. 135 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін ауди­ториядан шығарылды және олар­дың нәтижелері жойылды. Кейбірі калькулятор алып кірмекші болған. Осы ретте каль­кулятор, Менделеев және тұз­дар­дың ерігіштік кестелері компьютерге жүктелгендігін еске салғым келеді», деді Р.Емелбаев.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521