Үздіктерді аудан әкімі қабылдады

Елдік білім бәйгесінде, яғни республикалық пәндік олимпиаданың ақырғы кезеңінде аудан мектептерінен қатысқан 5 оқушымыздың 3-еуі үздіктер қатарынан көрінгенін бұған дейін де жазған болатынбыз.

Осылайша ауыл, ауданның ғана емес, облыстың да абыройын асқақтатқан аталмыш олимпиаданың жеңімпазы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ерғали Айсананы, ІІІ орын иегерлері атанған Өркен орта мектебінің 11-сынып оқушысы Махметова Айшагүлді және Аққыстау орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мейрамбекқызы Дананы, сондай-ақ осы сынға қатысушы және екі шәкірт – Исатай орта мектебінің 11-сынып оқушылары Елеусінов Ринат пен Оразбекова Ләзизаны аудан әкімі Полымбет Хасанов арнайы қабылдады.

img_5241

Өз білімдерінің осындай нәтижесімен барша жерлестерін қуантқан Айсанаға, Айшагүл мен Данаға және Ринат пен Ләзизаға, олардың ұстаздарына да ризашылығын білдірген аудан басшысы озаттарға бұдан да биік белестерді бағындыруда, алдағы арман-мақсаттарына жетуде сәттіліктер тілеп, Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын ұсынды.

img_5202

Өз кезегінде олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлері, олардың ұстаздары жылы шырайлы қабылдауы үшін аудан әкіміне алғыстарын білдірді.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521