Қыз бала – ұлттың ұяты

Мектебімізде «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбында қыздармен жүргізілетін жұмыстар жоспарына сай мектеп психологі Шынар Дюсенованың ұйымдастыруымен «Әдептен озбайық» тақырыбында қыздар арасында тренинг сабағы өткізілді.

Шара мақсаты мейірімділікке, достыққа, адамгершілік пен әдептілікке тәрбиелеп, баулу болатын. Оған қатысушы қыздар көңіл-күй жаттығулары мен сәлемдесудің түрлері және жағдаяттан шығу тапсырмаларын орындады. Сонымен бірге, өз пікірлерімен бөлісу арқылы қыздардың қоғамдағы орны, мінез-құлықтары қандай болуы керектігі жөнінде пікірлерімен бөлісті. Қазақтың ұлттық киімдері мен шаштарын қазақи бұрыммен өріп бастаған шара соңы бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ар-намыс, әдеп, ұлттық тәрбиені ұлықтаумен аяқталды.

Қымбат ҒАПУОВА,

Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT