Жақсы кітап өз жарнамасын өзі жасайды

Заман азғындығын, қатал тағдырдың ащы шындығын сөз ете білген қазақ зиялыларымыз, қазақ әдебиетінің дамуына зор ықпалын тигізді. Сондай ірі тұлғаларымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романы. Шынайы оқиғаға негізделген психологиялық роман. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен қатар қазақ халқының тұрмыс деңгейі, адамдар арасындағы өзара қақтығыстар, түрлі көзқарастар мен салт-дәстүрлер, ел мен жер, келешек күндерге деген наным-сенім анық көрініс табады.

 Ақбілек-романдағы басты кейіпкер. Қатарының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, тағдырынан тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, өжет қыр қызы. Ақбілек содырлардың арасына түсіп, қарамұртқа ермек болды. Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады. Роман төңірегінде кейіпкерлер өте көп. Мысалы, Мұқаш, Офицер, Ескендір, Ұрқия, Балташ. Маған ұнаған кейіпкерлердің бірі Ұрқия жеңгесі мен Балташ есімді өмірлік жары. Себебі Ақбілекке бірден-бір жаны ашыған жаңашыры осы Ұрқия жеңгесі еді. Ұзақ жылдар бойына құрсағына бала бітпеген Ұрқия Ақбілекпен қатар аяғым ауыр деп ел-жұртқа өтірік айтады. Ақбілек ұлды болып, баласынан бас тартады. Ақбілек оқу-білім алып қалада өз сүйген жары Балташпен кезігеді. Балташ көзі ашық, көкірегі ояу жан еді. Ақбілектің ауыр тағдырына қарамай, Ақбілекпен бақытты да баянды ғұмыр кешеді. Араға бес жыл салып Ақбілек өз туып өскен ауылына келеді. Өзінен айнымай қалған бес жасар Ескендір есімді балаға көзі түседі. Ұрқия жеңгесіне "Мына бала маған ұқсайды екен"-деп сұрағанда, өз туған баласы екенің сол кезде бір-ақ біледі. Жеңгесі Ұрқия баланы асырап алып, бес жыл өсіріп жетілдіреді. Осылайша роман сәтті аяқталады.

Бұл жерде біздің айтайын дегеніміз, "Жақсы кітап өз жарнамасын өзі жасайды"демекші, «Ақбілек» романында қозғалған әйел тақырыбы қазіргі қоғамдағы ахуалмен дәлме-дәл келіп отырғандығында. Сондықтан  Ақбілектің өмірге, оқу-білімге деген құштарлығы, қайтпас қайсарлығы, өжеттілігі барша қазақ қыздарына үлгі болатынына бек сенімдімін!

 

 

 

Гүлсана МИРАМОВА,

Х.Наубетов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521