Жантемір ағаймен жүздесті

Жанбай ауылдық кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған - сөнген шоқ, өшкен арман» атты ауған соғысының ардагері Жантемір Мақсотұлымен кездесу өтті.

Дөңгелек үстелге ауыл ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында ауылдық кітапхана меңгерушісі А.Қайрекенова «Ауғанстан - жүректегі жара» атты дайындаған көрмесімен таныстырып өтті. Одан соң оқушылар ардагерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу соңында оқушылармен емен-жарқын әңгімелесіп, көрген-түйгенін ортаға салған Жантемір Мақсотұлына Жанбай ауылдық округі әкімінің құттықтау хаты мен сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ, осы шара аясында «Әлем – менің көзіммен» атты жас суретшілер арасында байқау ұйымдастырылды. Шара соңынан суретшілерге әртүрлі аталымдар ұсынылып, сыйлықтар берілді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT