Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын...

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық адам бойындағы ұлы қасиет.

Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты.

Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. «Жақсы адам – Алланың нұры» дейді. Жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы сезімді, берік қалыптасқан көзқарасты студент бойына дарыта білетін, өз бойындағы жасампаздық пен шығармашылық, өз-өзіне сенімділік пен сабырлылық, табандылық пен төзімдік сияқты мінез-құлық ерекшеліктерімен, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұстаздарымның бірі Жалғасбаева Жанар Өмірзаққызы.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демей ме, осындай адаммен кездестірген тағдырға ризашылығымды білдіремін. Себебі, ұстазым қазіргі заман талабына сай ең мықты ұстаздардың бірі. Олай деуімнің бірден-бір себебі, қазіргі таңда Жанар Өмірзаққызы өзінің жеке «Instagram» желісінде копирайтер мамандығы бойынша қосымша табыс тауып отыр. Осыған дейін филолог мамандығы бойынша да алған жетістіктері аз емес. Мысалы, оның облыстық «Жыл оқытушысы-2005» бас жүлдесі, облыстық «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы-2009» бас жүлдесі, облыстық «Үздік педагог-2017» бас жүлдесі, облыстық «Үздік авторлық бағдарлама-2018» І дәрежелі, «Білім жанашыры-2021», Колледжішілік «Үздік тіл маманы- 2018», Колледжішілік «Алтын жұлдыз» атты алған атақтарын келітуге болады. Бұл ұстаздың шәкірт тәрбиелеу үшін еткен еңбегі мен төккен тері.  Бергенінен берері көп, тәжірибелі ұстаз бүгіндері мектеп мұғалімдерін жаппай шығармашылық бағытқа тұрғыда шыңдауда еселі еңбек етуде.

Айкөркем ҚАЛЕКЕСОВА,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521