Жас ұстаздар көркемсөз оқудан сынға түсті

Исатай аудандық кітапханасында кезекті рет Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті.

Оған аудан мектептерінен жас ұстаздар қатысты. Сайдың тасындай іріктелген үміткерлер көркем мәтінді оқу барысында тіл тазалығына ерекше зор екпін берді.  

Әдеби шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, халық арасынан шыққан талантты жастарды тану, олардың шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылды. Дәстүрлі доданың биылғы ерекшелігі – мұнда мектеп оқушылары жоқ. Аудан мектептерінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс беретін жас ұстаздар М.Жұмабаевтың, Ғабит Мүсіреповтың, Мұқағали Мақатаевтың прозалық және поэзиялық шығармаларынан үзінділер оқып, өз қабілеттерін ортаға салды.

Сөйтіп қорытындысында Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ақтыныс Қайратқызы I дәрежелі, Х.Ерғалиев ауылыннан келген Новобогат орта мектебі қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Нұрсұлтан Бекболатұлы II дәрежелі дипломмен марапатталып, ескерткіш сыйлықтарға ие болды. Белсенділік танытқан қалған қатысушыларға алғыс хат табысталды. 

Айта кетейік, аудандық кезеңнің жеңімпазы Ақтыныс Қайратқызы 22 сәуір күні Жылыой ауданы, Құлсары қаласында өтетін облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.

 Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT