Жастар - кітап әлемінде

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы.

Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап - адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

"Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік" деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Жақында аудандық орталықтандырылған кітапханада ауыл жастарының кітапқа деген қызығушылықтарын туғызу мақсатында аудандық орталық кітапхананың және аудандық жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кітапхана түні» шарасы өткізілді. Алдымен орталық кітапханада болған жастар әртүрлі жанрдағы әдеби кітаптармен танысты. Одан кейін соңғы шыққан әдеби кітаптар топтамасы жинақталған көрмеге қатысып, өздеріне ұнаған қызықты кітаптарын алды.

Гүлмарал ЖҰБАНОВА,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT