Зинеден ауылында жаз мезгілі басталғалы бері аудан оқушыларын сауықтыру бағытында «Балдәурен» лагері қызмет етіп келеді.
Осымен үшінші ауысымын қабылдап жатқан лагерь барлығы 75 оқушыны қамтуда. Лагерь жетекшісі Қымбат Ғапуованың айтуынша, демалу үшін барлық жағдайлары жасалған сауықтыру орнында балалар 6 мезгіл тамақтанады екен. Демалушылардың уақытын көңілді өткізу мақсатында спорттық сайыстар, эстафеталық ойындар, ауылдық мұражайға экскурсиялар ұйымдастырылады. Көрші Исатай ауылындағы құм шағылдарында ойнап, Зинедендегі Каспий теңізінің жағасында суға түсетін оқушылар да бүгінде мәз-мәйрам.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Суреттерді түсірген: Әбілмажан ШАРАПИДЕНОВ