Жеңімпаздар грант иеленеді: Атыраулық студенттер тележобаға қатысуда

Атыраулық студенттер «АТЫРАУ» телеарнасында «МиTALAS» бағдарламасына қатысуда, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл қуанышты жаңалықты телеарнаның директоры Facebook желісіне Қанат Әуесбайұлы жазды.  

«Миталас» – мидың таласы. «Миталас» зияткер студенттердің білім сайысы. Бұл төларнамыздың жаңа күзгі маусымда сүйіншілер кезекті 10 жобасының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіби білім берудің маңызына тоқталып, «кәсіби білім берудің бүкіл жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағыттағанымыз жөн» екенін баса айтты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде де техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту бойынша тапсырма берді. Осы басымдықтарды назарға ала облыстық «Атырау» телеарнасы жаңа күзгі маусымда кәсіптік-техникалық білім беру орындарындағы студенттері қатысатын зияткерлік-танымдық «Миталас» бағдарламасын көрермен назарына ұсынуды жөн көріп отыр», дейді ол.

Айта кетелік, жоба жеңімпаздарына Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Сафи Өтебаев университеті ректорларының гранттары.

atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521