ЖОЛДАН САҚ БОЛ, БАЛАҚАЙ!

Сурет ғаламтордан

 

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасының «Күншуақ» ересек тобы тәрбиеленушілері арасында «Жолдан сақ бол, балақай!» атты іс-шара болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – балаларға жол қозғалысы ережелерін үйрету, жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарын сақтауға баулу. Қазіргі таңда балалардың жол-көлік оқиғаларына тап болу қаупі жоғары екені белгілі. Сондықтан жас ұрпаққа жолда жүру ережелерін ерте жастан үйретудің маңызы зор.

Аталған іс-шараға Исатай аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция қызмет инспекторлары Ғалымов Нұралы мен Исатай АПБ патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары арнайы шақырылды. Мамандар балаларға жол белгілерінің маңызы, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар, бағдаршам түстерінің қызметі туралы түсінікті тілде әңгімелеп берді.

Шара барысында балалар қонақтармен бірге жол ережелері туралы тақпақтар айтып, сұрақтарға жауап берді. «Бағдаршам», «Жол белгілері» секілді танымдық ойындар ойнатылып, тәрбиеленушілердің қызығушылығы артты. Сонымен қатар жолда өзін дұрыс ұстау, қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында жан-жақты мәлімет берілді.

Іс-шара соңында полиция қызметкерлері балаларға әрдайым жол ережесін сақтап жүрудің маңыздылығын ескертіп, қауіпсіздік – басты міндет екенін атап өтті.

 

Жанаргүл ӨТЕУҒАЛИЕВА,

"Нұршуақ" бөбекжай-балабақша тәрбиешісі, педагог-модератор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT