Жүлдемен қайтқан жерлестер

24-маусым күні Петропавл қаласында өткен «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауына қатысқан исатайлықтар жүлделі орындарды иеленіп қайтты.

Ұлағатты ұстаз Бибігүл Төлеуованың шәкірті, Новобогат орта мектебінің 9-сынып оқушысы - Ақбота Мұрат «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясының жеңімпазы атанып ІІІ орынды иеленсе, ақын, ұстаз Нұрлан Мұраттың дайындаған шәкірті Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Ескендір Төребекұлы - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясымен марапатталып, арнайы жүлденің иегері атанды.

Оқушылардың  жетекшілеріне Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің алғыс хаты берілді.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521