Айқын мақсат – жетістік желкені

Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі.

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін, жан-жақты жетілген, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады.

Алдымызда отырған әрбір шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір құндылыққа жетелейтін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеу үшін оқушының білімге деген ықыласын жетілдіру - бүгінгі күн талабы.

Оқушы білімінің сарапталатын тұсы - ұлттық бірыңғай тестілеу десек, барлық білім ордаларындағыдай оқушыларды оған дайындау мәселесі де біздің мектебімізде жүйелі жолға қойылған. Осы тұста әрбір пән мұғалімдері оқушы қабілетіндегі жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды білім сынағына дайындау барысында оның алған теориялық білімін қолдана білуге дағдыландырады. Сондай-ақ соңғы жылдардағы ҰБТ тапсырмаларының жаңа форматқа ауысуы олардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған жұмыстарды да жүйелі жүргізіп отыруды қажет етеді.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT