Арсеннің аты озды

Аққыстау орта мектебінің 10 сынып оқушысы Арсен Сағидуллин - жалынды, өнер-білімге құштар жастарымыздың бірі. Оның білімде де жетістіктері аз емес, газетімізде жарық көрген ойлы мақалалары да оқырман есінде.

Жақында ғана Арсен Алматы қаласында «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қоры мен «Тұран» университетінің ұйымдастыруымен өткен байқауда жеңімпаз атанды. «Қазіргі заманғы ғылым: жаңа көзқарас» атты оқушыларға, студенттерге және жас ғалымдарға арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда өз білімін дәлелдеген Арсен (ұстазы - Амина Тастемірова) бірінші орын иеленіп, абыройымызды асырды.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT