Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектепте математика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9, 10, 11 сыныптар арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойын өтті.
Ойынның шарты бойынша ойыншылар алдымен көрермендердің қойған сұрақтарына 1 минут ішінде топпен ақылдаса отырып, жауап беруге міндеттелді. Дұрыс жауап командаға ұпай сыйласа, қате жауап берген ойыншылардың балы көрермендерде қалады.
Тартысқа толы болған ойын 6:5 есебімен аяқталды. Сайыс барысында жалпы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері жақсы деңгейде екенін байқадық. Жеңіске жеткен оқушылар дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, интеллектуалдық сайыста ұшқыр ойымен көзге түскен 9-сынып оқушысы Жұлдыз Тұқпатова «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша марапатталды.
Жаннат БАҚТЫҒАЛИ,
Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі.