2018 жылы Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 133 млрд теңгені құрады

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 133 млрд теңгені құрады.

Оның 124,3 млрд теңгесі (93,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (6,5%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жоғарыда аталған мерзім ішінде МСҚ-на Атырау облысы бойынша түскен жарнаның жалпы сомасы 8 млрд 342 млн теңгені құрап отыр. Оның 8 млрд 46 млн теңгесі (96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 296 млн. теңге (3,6%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы + 7 7122 956936

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521