8 адам бруцеллезбен ауырған

Биылғы жылдың 2-8 сәуір аралығында Ақмола облысы, Целиноград ауданы «Zhabay auyly» ЖШС қызметкерлері арасында кәсіби қызметпен байланысты бруцеллезбен топтық сырқаттанушылық тіркелген.

Онда ЖШС-нің 8 қызметкері ауырған. Эпидемиологиялық тексеру барысында өткен жылдың қазан айында ЖШС-де «ақбас» асыл тұқымды малдары арасында 262 бастан, 16 бас (6,1%) аборт жасалғаны анықталған. Іш тасталған төлдер зерттелмеген.

«Zhabay auyly» ЖШС басшылығымен жұмыс істеу үшін тиісті жағдайлар жасалмаған.

- ЖШС қызметкерлері арнайы киіммен қамтамасыз етілмеген.

- ЖШС аумағында тұрмыстық үй-жайлар жоқ: демалуға арналған бөлме, тамақ ішетін орын, себезгі бөлмелері, арнайы киімді сақтауға арналған жеке шкафтар және әрбір қызметкер үшін таза сыртқы киім:

- Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер медициналық тексеруден өтпеген және жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеру ұйымдастырылмаған.

Осы жағдайды тұрғындар назарына бере отырып, бруцеллезді жұқтыруды болдырмау үшін, әрбір адам келесі ережелерді қатаң сақтауы қажет:

- жыл сайын малдарды бруцеллезге тексеруден өткізу;

- малда түсік тастау жағдайын  тез арада малдәрігеріне хабарлау;

- балаларды бруцеллезге тексерілмеген малдарға күтім жасауына, олардың  төлдерімен ойнауына жол бермеу;

- мал күтіміне кіріспес бұрын, арнайы киім кию;

- бұл киімдермен тұрғын үйге кірмеу;

- жұмысты аяқтағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

- ауру мал тұрған қораларда тамақ ішпеу, темекі шекпеу;

- малдәрігерінің алдын-ала қарауынсыз малды союға жол бермеу;

- малды союды аулада емес, мал сою пункттерінде жүргізу;

- жеке адамдардан мал сатып алғанда малдәрігерінің рұқсат қағазын талап ету;

- ет және сүт өнімдерін қатаң белгіленген орындардан алу (базарлар, дүкендер, үлкен сауда нүктелері). Сондай-ақ мал қожайыны малдағы іш тастаудың, төлдің өлі туылуының әрбір жағдайын малдәрігерлеріне хабардар етуге міндетті екенін еске салғымыз келеді.

Айба УЛДАНОВА,

Исатай аудандық СЭБ басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521