А вирусты гепатит (ВГА) қоздырғышы – вирус, бұл ең алдымен бауырды зақымдайтын жедел жұқпалы ауру.
Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесе 15-29 жастағылар ауырады. Науқастардың ағзасына көптеген жылдар бойы теріс әсер етіп, сауығумен аяқталуы немесе созылмалы түріне айналуы мүмкін. ВГА ауырған адаммен ластанған тамақ өнімдері мен су арқылы сау адам жұқтырады.
«А» вирусты гепатиттің клиникасы.
А гепатитінің клиникалық белгілері: қалтырау (дене қызуының көтерілуі), әлсіздік, жүрегі айну, құсу, ішінің ауруы, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы, тері қабатының сарғаюы. Аурудың клиникалық белгілері жеңіл сарғаю түрінен ауыр ағымға өтіп, кей жағдайларда өлімге дейін алып келуі мүмкін.
Вирус адам ағзасына өткеннен кейін жасырын түрде басталады. Яғни инкубациялық кезең деп аталады. Сондықтан клиникалық белгілері білінгенге дейін ауру көзі болып, басқаларға жұқтырады. А гепатитінің вирусы адам ағзасынан нәжіспен және зәрмен бөлініп, суды, тағамды және қолданыстағы заттарды зақымдайды. Вирус жоғары зақымдағыш қабілетке ие, вирус адам ағзасына ауыз қуысы арқылы зақымданған су, тағамдық өнімдер, сонымен қатар науқаспен қатынаста болғанда жеке бас гигиенасын сақтамағанда, лас қол арқылы жұғады. Бұл аурумен жылдың кез келген мерзімінде ауырады, дегенмен көбіне жаз-күз айларында көп тіркелетін кез. Ауруды ерте анықтап, уақтылы ауруханаға жатқызу жұқпаның таралуының алдын алады.
Алдын алу іс-шаралары:
- жеке бас гигиенасын сақтау, сырттан келгенде, тамақ ішер алдында немесе дәретханаға барғаннан кейін қолды мұқият сабындап жуу;
- тек қайнатылған су ішу. Вирус суды 100°С қайнатқанда, тек 5 минуттан кейін ғана өледі;
- шомылуға арнайы бөлінген жерлерде ғана шомылу;
- жеміс-жидекті қолданар алдында мұқият жуу;
- тағамдық өнімдерді белгісіз адамдардан немесе рұқсат етілмеген жерлерде сатушылардан алмау;
- үй жағдайында тамақ дайындар алдында гигиеналық ережелерді және тез бұзылатын өнімдердің жарамдылық мерзімін сақтау;
- тағамдық өнімдерді мұқият қуыру немесе қайнату;
- 2 жастағы балаларға вакцинация жүргізу; «А» вирусты гепатиттің алдын алуда вакцинациялаудың маңызы зор. Екпе аралығы 6 айда екі рет егіледі.
- жұқпаны таратуға жол бермеу үшін науқастың ауырлық жағдайына қарай дер кезінде үйінде немесе ауруханада оқшаулап, дәрігердің тағайындауымен амбулаториялық немесе ауруханалық ем қабылдау керек.
Балалар қоғамдық автокөлікте, адамдар көп шоғырланатын орындарда тығыз қарым-қатынаста болуына орай аурушаңдықты жұқтыруы мүмкін.
Сондықтан міндетті түрде балаларға жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін үйретіп, егу күнтізбесіне сай барлық профилактикалық егулерін уақтылы алған дұрыс.
Исатай аудандық СЭББ басшысы
Б.Картмаганбетова