"А" вирустық гепатитінен сақтан!

   «А» вирустық гепатит вируспен шақырылатын әлемде кеңтаралған вирустық жұқпа.

Вирус химиялық және физикалықфакторларға өте тұрақты, қоршаған ортада ұзақ уақытсақталады. Аурушаңдық күзгіқысқы кезеңде тіркеледі.

        Инкубациялық кезең орташа есеппен 35 күнге(диапазоны 7-50 күн) созылады. Жұқпа (ауру) «А» вирустықгепатиті вирусымен ластанған су, тамақ, лас қолдар арқылыжәне тұрмыстық қатынас жолдары арқылы (жанұяда, мектептерде, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында), әсіресе олардың қанағаттанарлықсыз санитарлықжағдайында жұғады. Ауру көзі «А» вирустық гепатитіменауыратын адам.

    Аурудың бастапқы кезінде науқастар іш ауыруына, жүрекайнуға, құсуға, әлсіздікке, тәбеттің төмендеуінешағымданады, кейбір науқастарда ұйқышылдық, сұйықнәжіс немесе іш қатуы байқалады. Науқастардың зәрініңтүсі қоңырланады, нәжісі ағарады. Көзі қабығы және терісісарғаяды.  

    Егер Сіз өзіңізде немесе балаңызда осы аталғанбелгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге көрініңіз.

    «А» вирустық гепатитінің алдын алу стратегиясытұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, мектепкедейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде және басқа да мекемелерде жұқпалы аурудың түрлі тұрмыстық қатынасжолдары арқылы таралуының алдын алу үшін ауыз су режімі мен жеке бас гигиенасын сақтауға арналғанқарапайым жағдайларды жасауға аса көңіл бөлу арқылы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту болыптабылады.

Облыс аумағында «А» вирустық гепатит аурушаңдығынтөмендету мақсатында:

«А» вирустық гепатит аурушандығының тіркелуіне аптасайынғы мониторинг;

Сумен қамту, білім беру және мектепке дейінгі мекемелердесанитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына қадағалаужүргізіледі.

         «А» вирустық гепатитіне қарсы арнайы алдын алушарасыбұл вакцина егу.

        Жоспарлы вакцинацияға 2 жастағы балаларжатқызылады. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша «А» вирустық гепатиті ошақтарында қарым-қатынаста болған 14 жасқа дейінгі және ремиссия кезеңінде созылмалы В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгібалалар жатқызылады.

 Вакцинация алты ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

Вирусты гепатитпен белсенді күресу адамның өзініңқатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Аурудың алдын алудың басты шаралары:

ішуге тек қайнаған немесе бөтекеленген су ішу;

жеке бас гигиенасын қатаң сақтау;

балаларға жеке бас гигиенасын сақтауын үйрету (тамақтануалдында, дәретханадан, ойыннан кейін, тамақ дайындауалдында қол жуу);

жеміс - жидектерді пайдаланар алдында мұқият жуу;

үй ішінде тазалықты сақтау.

Сонымен қатар, жалғыз тиімді шара бұл балалардың 2 жаста жасалатын «А» вирустық гепатитке қарсывакцинациясы.

 «А» вирустық гепатитке қарсы вакцина бойынша қажеттіақпаратты «egu.kz» сайтынан немесе жергіліктіемханалардан ала аласыздар.

 

Аймұратова Алтынгүл Бөкенбайқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521