«А» вирустық гепатитінің алдын қалай аламыз?

«А» вирустық гепатит вируспен шақырылатын әлемде кең таралған вирустық жұқпа. Вирус химиялық және физикалық факторларға өте тұрақты, қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады. Аурушаңдық күзгі – қысқы кезеңде тіркеледі.

Инкубациялық кезең орташа есеппен 35 күнге (диапазоны 7-50 күн) созылады. Жұқпа (ауру) «А»вирустық гепатиті вирусымен ластанған су, тамақ, лас қолдар арқылы және тұрмыстық қатынас жолдары арқылы (жанұяда, мектептерде, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында), әсіресе олардың қанағаттанарлықсыз санитарлық жағдайында жұғады. Ауру көзі «А» вирустық гепатитімен ауыратын адам.

    Аурудың бастапқы кезінде науқастар іш ауыруына, жүрек айнуға, құсуға, әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне шағымданады, кейбір науқастарда ұйқышылдық, сұйық нәжіс немесе іш қатуы байқалады. Науқастардың зәрінің түсі қоңырланады, нәжісі ағарады. Көзі қабығы және терісі сарғаяды.  

    Егер Сіз өзіңізде немесе балаңызда осы аталған белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге көрініңіз.

    «А» вирустық гепатитінің алдын алу стратегиясы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде және басқа да мекемелерде жұқпалы аурудың түрлі тұрмыстық қатынас жолдары арқылы таралуының алдын алу үшін ауыз су режімі мен жеке бас гигиенасын сақтауға арналған қарапайым жағдайларды жасауға аса көңіл бөлу арқылы  санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту болып табылады.

Облыс аумағында «А» вирустық гепатит аурушаңдығын төмендету мақсатында:

«А» вирустық гепатит аурушандығының тіркелуіне апта сайынғы мониторинг;
Сумен қамту, білім беру және мектепке дейінгі мекемелерде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына қадағалау жүргізіледі.

         «А» вирустық гепатитіне қарсы арнайы алдын алу шарасы – бұл вакцина егу.

Вакцина 2 жастағы балаларға және «А» вирустық гепатиті ошақтарында қарым-қатынаста болған 14 жасқа дейінгі балаларға қарым-қатынастан кейін алғашқы 2 аптада егу жүргізіледі. Вакцинация 2 рет арасына 6 ай салып жүргізіледі. 

Вирусты гепатитпен белсенді күресу адамның өзінің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Аурудың алдын алудың басты шаралары:

ішуге тек қайнаған немесе бөтекеленген су ішу;
жеке бас гигиенасын қатаң сақтау;
балаларға жеке бас гигиенасын сақтауын үйрету (тамақтану алдында, дәретханадан, ойыннан кейін, тамақ дайындау алдында қол жуу);
жеміс - жидектерді пайдаланар алдында мұқият жуу;
үй ішінде тазалықты сақтау.

Сонымен қатар, жалғыз тиімді шара бұл 2 жаста жасалатын «А» вирустық гепатитке қарсы екпе жұмыстары.

         

Жұқпалы және паразитарлық

ауруларды эпидемиологиялық

         қадағалау бөлімінің бас маманы                                          Г.Бисенбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT