Аққыстауға «Денсаулық пойызы» келді

Бүгін аудан орталығына денсаулық пойызы табан тіреді. Жыл сайын тегін медициналық көмек көрсету мақсатында еліміздің алыс өңірлерін аралайтын пойыз бұл жолы да білікті мамандарды ала келді.

Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан мемлекеттің басты қазынасы болған халқының бірінші байлығы – денсаулығын нығайту Елбасымыз алға қойған басты жұмыстардың бірі екендігін атап өтті.

– Елбасымыз 2011 жылдан бастап халықты транспорттық денсаулық сақтау қызметімен қамтуды тапсырғалы бері осы жұмыс жолға қойылып, білікті дәрігер-мамандарымыз өз қызметтерін атқарып келеді. Тоқсан жылдық тарихы бар аудан орталығы Аққыстау ауылында бастағалы тұрған жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді ол.

Бүгін жұмысын бастаған пойыз тұрғындарды ертең кешкі сағат 18.00-ге дейін қабылдайды. Онда кардиолог, ЭКГ, невропотолог, гинеколог, акулист, педиатр, лор, хирург, эндоскопия, уролог, УЗИ, терапевт, стоматолог, флиорография мамандары қызмет көрсетеді

-Жұмыс сапарымыздың 25-інші күнін Аққыстау ауылынан қарсылап отырмыз. Маңғыстау облысына қызмет көрсетіп, енді, міне, осы ауданға табан тіредік. Негізінен біздің топты Атырау теміржол ауруханасынан жиналған мамандар құрайды. Алматы, Ақтөбе, сондай-ақ Атырау облысының басқа клиникаларынан да дәрігерлер бар. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша қолға алынып келе жатқан бұл жұмыс алда да жалғасын табатын болады, - дейді пойыздың бас дәрігері Әлия Адишева.

С.ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521