Абайлаңыз нитарттар!

Жаз мезгілі кезінде базарларға, сауда орындарына, тіпті заңсыз көшелерде де сырттан әкелінген  ерте піскен көкөніс, жеміс-жидектер, бақша дақылдары сатылымға шығарылады.  

Соның ішінде қарбыздар маусым айынан бастап саудаға түсуде.

Бірақ бұл кездегі қарбыздардың көпшілігі қауіпті екендігін тұрғындар есінде сақтағаны жөн.

Ерте піскен бау бақша өнімдерінің құрамында нитрат мөлшері шамадан тыс болады.

Көбінесе «оңтүстік» өңірден келетін жемістер мен көкөністерде адам денсаулығына қауіпті көптеген заттар бар, мысалы нитраттар мен пестицидтер.

Көкөністер, шөптер мен жемістерде улы заттардың болуын зертханалық жолмен ғана анықтауға болады.

Нитраты бар өнімдерде сыртқы түрі мен дәмі өзгермейді.

Нитраттармен уланудың шыңы маусым айында, ерте көкөністер мен қауындар сатылымда пайда болған кезде пайда болады.

Нитраттар әсіресе балалардың денсаулығы үшін қауіпті.

Химиялық заттармен толтырылған көкөністер мен жемістер гастрит, бауыр ауруы, жүйке, жүрек-тамыр жүйесі, көру қабілетінің бұзылуына әкеледі.

Жыл сайын облыста «Қауіпсіз тағам таңда»акциясы айлығы өткізіледі, оның мақсаты ерте бақша және жеміс-көкөніс өнімдерінде нитраттардың жоғары концентрациясымен халықтың улануының алдын алу, сондай-ақ өнімдерді таңдау кезінде сатып алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Ағымдағы жылдың мамыр маусым айларындаакция шеңберінде сауда орындарында тұтынушының қалауы бойынша жеміс-көкөніс өнімдері мен бақша өнімдеріне экспресс-зерттеулер жүргізілді.

Барлығы жеміс-көкөніс және бақша өнімдерінің 113 сынамасы зерттелді, оның ішінде 8сынамада нитраттардың артқаны анықталды

Нитраттардың мөлшерден асып кетуі қарбыз, қауын өнімдерінен анықталды.

Қауіпсіз тамақтану мәселелеріндегі сауаттылықты арттыру мақсатында акция өткізу барысында сатып алушылармен «Нитратсыз көкөніс пен жеміс жидек таңдаймыз», «ЖІИ алдын алу», «Абайлаңыз-нитраттар!», «Ерте қауындарда, көкөністерде нитраттар несімен қауіпті» тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тамақ өнімдерін таңдауға қойылатын талаптарды білу бойынша сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижелері тұтынушылардың көпшілігі тамақ өнімдерін таңдауда оның қауіпсіздігі мен сапасын ескере отырып, ерекше назар аударатындығын көрсетті.

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқарма мамандарымен «Сарайшық» коммуналды базарында «Қауіпсіз өнімді таңда» атты акциясы және  «Беркад»  ЖШС-і не қарасты Орталық базарында « Қауіпсіз тағам таңда, Нитратсыз көкөністер мен жемістерді таңдаймыз » акциясы бақша дақылдарына (көкөніс жеміс жидектер) нитрат қалдықтарын анықтау  үшін акция ұйымдастырылып,  113 өнім сынамасы алынып,  нәтижесінде 8 өнім сынамасынан, яғни қарбыз және қауын өнімдерінен сәйкессіздік анықталды.  Атырау қалалық және аудандық басқарма мамандарымен  өткізілген  акция шеңберінде бейнежазбалар дайындалып интернет желілеріне жарияланды және қала және аудан аумағындағы тұрғындар мен қонақтарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға,  ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдау қажеттігі түсіндірілді.

 

Искакова Айгүл Сабырқызы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT