Санитарлық-қорғау аймағы — бұл зиянды заттар шығаратын өндіріс нысандары мен тұрғын аймақтар арасында орналастырылатын арнайы аймақ. Оның басты мақсаты — атмосфералық ауа, шу, діріл, электро магниттік сәулелер және басқа да физикалық, химиялық факторлардың тұрғындарға әсерін шектеу.
СҚА-ның негізгі функциялары:
- Экологиялық қорғау — өндірістік зиянды заттардың қоршаған ортаға таралуын шектеу.
- Санитарлық қауіпсіздік — тұрғындардың денсаулығын сақтау.
- Қала құрылыстық жоспарлау — өндірістік және тұрғын аймақтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету.
- Бақылау және мониторинг — ластаушы көздердің әсерін бақылау.
Санитарлық қорғау аймақтарының өлшемдері әртүрлі болады және өндіріс түріне байланысты – қоршаған ортаға және адам денсаулығына жағымсыз әсер ету қаупі неғұрлым жоғары болса, санитарлық қорғау аймағы соғұрлым үлкен болады. Объектілердің СҚА-ның ең төменгі өлшемдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен белгіленген "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты СҚА келесі өлшемдері қарастырылған:
- 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан да жоғары қауіптілік I класс объектілері
- 500 м-ден 999 м-ге дейін II қауіптілік класы
- 300 м-ден 499 м-ге дейін III қауіптілік класы
- 100 м-ден 299 м-ге дейін IV қауіптілік класы
- 50 м-ден 99 м-ге дейіні V қауіптілік класы
СҚА белгілеу үшін арнайы санитарлық-гигиеналық зерттеулер жүргізіледі, оның нәтижесінде аймақтың шекарасы анықталады. Бұл шекараларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
СҚА келесі нысандардың айналасында белгіленуі мүмкін:
- Химиялық зауыттар
- Мұнай өңдеу зауыттары
- Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны
- Электр станциялары
- Ауыр өнеркәсіп объектілері
Санитарлық-қорғау аймағында келесі нысандарды салуға тыйым салынады:
- Тұрғын үйлер
- Балабақша, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік мекемелер
- Демалыс аймақтары
СҚА ішіндегі жерлерде тек көгалдандыру, жол инфра құрылымын емес еарнайы техникалық құрылыстар (мысалы, шу бөгеттері) болуы мүмкін.
Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ның алдын ала (есептік) өлшемдері СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Белгіленген (түпкілікті) СҚА объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ала отырып, зерттеулердің жылдық цикл інегізінде айқындалады. Жобаланатын объектілер үшін алдын ала (есептік) СҚА-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала ұрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында аттестатталған сарапшылар белгілейді.
Санитарлық-қорғау аймағы — өнеркәсіптік дамудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі. Ол қоршаған ортаны қорғауға және халық денсаулығын сақтауға бағытталған заңды, техникалық және санитарлық шаралардың кешені болып табылады. Сондықтан СҚА-ның дұрыс жобаланып, тиімді бақылау да болуы — тұрақты дамуға қол жеткізудің кепілі.
А. Искакова
Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары