Адам папиллома вирусынан сақтанайық

Адам папиллома вирусы- бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Ол тұрмыстық жанасу, тікелей жолмен туу кезінде, және жыныстық жолмен жұғуы мүмкін.

Адам папиллома вирусы өте қауіпті. Себебі бұл вирус адам ағзасында ешқандай клиникалық көріністерін көрсетпей өмір сүруге қабілетті. Адам папиломмасы вирусы адамдарда онкологияның дамуына түрткі болады.Оның 14 түрі онкогенді, яғни атына сай онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі. Әсіресе, 16-шы, және 18-ші тип-ең қауіпті, жатыр мойны обырына шалдыгу ықтималдығы жоғары.  АПВ –мен ауыратын адамдардың көпшілігі олардың жұқтырғанын  білмейді, инфекция нәтижесінде аурудың белгілері немесе денсаулығына байланысты проблемалар болмайды. Кейбір адамдар жыныстық сүйелдер, кондиломалар және т.б пайда болған кезде АПВ-ның бар екенін түсінеді. Статистикаға сүйенсек жатыр мойны обыры  ҚР-да 15 пен 44 жас аралығындағы әйелдердің қатерлі ісігінің жетекші себептері арасында 5-ші орында. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 500-ден астам әйел қайтыс болады. 
Жатыр мойны обыры - Қазақстандағы әйелдердің өлімінің басты себебінің бірі.  Ол Қазақстан әйелдері арасында қатерлі ісік жөнінен сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр. Адам папиломма вирусына қарсы екпе ұлттық екпелер күнтізбесіне енгізілді.Оған себеп елімізде жатыр мойны обырынан қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейіп баралы.  Вакцинацияның арқасында жатыр мойны обырын жоюға болады. Австралияда, АҚШ-та вакцинацияның арқасында әйелдер арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға қысқарды. АВП қарсы вакцинация үшін төрт валентті вакцина қолданылады. Қазіргі кезде АПВ-ның емі жоқ, алдын-алудың жалғыз әдісі-вакцинация. Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина әйелдердің репродуктивті фунциясына әсер етпейді. АПВ-ға қарсы вакцинация дәрігердің қарауынан кейін қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда жүргізіледі. АПВ-ға қарсы вакциналар иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпсіз. Вакцинация 6 ай аралығымен екі рет жүргізіледі. Вакцинация 11 жастағы қыз балаларды вакцинациялауға  ата-анасының немесе қамқоршысының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Бұл жас Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы , онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау есресек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады. АПВ қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса есептегенде 135 елдің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде АПВ қарсы екпе енгізілгендіктен, бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90 пайызға төмендеген. Яғни бұл қауіпті дерттен қорғанудың тиімді және қауіпсіз әдісі бұл вакцинация!

 

Исатай аудандық СЭББ басшысы                             Б.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT