«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген профилактикалық екпе егу күнтізбесіне 2024 жылы ақпан айында 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (әрі қарай - АПВ) қарсы вакцина енгізілді.
Сонымен қатар 2024 жылғы 17 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу туралы» №11 қаулысына сәйкес 12 жастан бастап 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы толықтыра вакцинациялау жүргізіледі.
Вакцинациялау міндетті түрде ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жасады.
1960 жылы неміс вирусологы Harald zur Hausen жатыр мойыны обырының себептерін зерттеп бастаған. АПВ мен жатыр мойны обыры арасындағы себептік байланысты ашқаны үшін Нобель сыйлығын алды.
Адам папиллома вирусы – бүл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. АПВ-ның 200-ден астам түрі бар, олардың 14 түрі қатерлі ісіктің дамуының жоғары қауіпіне ие. Олардың ішінде көп кездесетін АПВ вирусының 16 және 18 типтері.
АПВ шырышты тері арқылы немесе теріден теріге байланыс арқылы беріледі және жыныстық қатынасты қажет етпейді. Вирус ұзақ тырнақ астында сақталады яғни адам инфекция тасымалдау және өзін жұқтыру мүмкін.
Жоғары қауіпті АПВ вирустары дүниежүзіндегі барлық қатерлі ісіктердің шамамен 5,2% және жатыр мойны обырының 95%-дан астамына себепкер болады. Сонымен қатар ауыз жұтқыншағының, тік ішек, тері ісігтерін шақыру мүмкін.
Жатыр мойыны обыры әлемде әйелдер арасында жиі кездесетін, таралуы бойынша 4-ші орынды алатын қатерлі ісіктің түрі.
Жылсайын әлемде жатыр мойны обырының 604 мың жаңа жағдайы тіркеліп, оның 342 мыңы өлім жағдайымен аяқталады.
Ал Қазақстан Республикасындағы статистика бойынша жатыр мойыны обыры әйелдер арасында жиі кездесетін, таралуы бойынша омырау безінің ісігінен кейін 2-ші орынды алатын қатерлі ісіктің түрі. Жатыр мойны обырына шалдығатындардың орта жасы 25-44 жас.
Жылсайын республикада жатыр мойны обырының 1 900 жаңа жағдайы тіркеліп, күніне 5 жаңа жағдай, оның 600 өлім жағдайымен аяқталады, күніне 2 өлім жағдайы.
2023 жылғы мәлімет бойынша 194 елдің 135 елі немесе 67% АПВ-на қарсы вакцинасын профилактикалық екпе егу күнтізбесіне енгізген.
2006-2007 жылдары алғаш Америка Құрама Штаттары мен Аустралия АПВ-на қарсы вакцинаны енгізген. 2019 жылдан бастап Өзбекістан, Қырғызстан сияқты көршілес елдерде енгізілген.
Республикамызда қолданыста «Мерк Шарп және Доум ЛЛС» компаниясымен Америка Құрама Штаттарында өндірілген «Гардасил» вакцинасы. 15 жылдық қолданудың тәжірибесі бар. Аталған вакцина жоғары онкогенді АПВ –нің 16, 18 , 6 және 11 типтеріне қарсы. Вакцинация 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мақұлданды.
Әлемде 100 миллионнан астам адамға екпе жасалған, 270 миллионнан астам дозасы пайдаланылды.
Облыста вакцинация 2024 жылдың 23 қыркүйек айынан бастап мектептердің медициналық кабинеттерінде және ата-аналардың қалауы бойынша медициналық ұйымдарда жүргізілуде. 02.10.2024ж. 11 жастағы - 253 қыздар және 12-13 жастағы – 83 қыздар АПВ-на қарсы екпе алды. Екпеден кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
Вакцина бойынша қажетті ақпаратты «egu.kz» сайтынан, 7701 жедел желісіне қонырау шалып немесе жергілікті емханалардан ала аласыздар.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп жатыр мойны обырын вакцинациялау арқылы алдын алуға шақырамын.
Сарсенғалиева Айнагүл Әділқызы
Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің бөлім басшысы