Аймақта Covid-19-дан 1015 адам айықты

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 17 адам тіркелді

(18.06.2020 жылғы мәлімет бойынша) COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар 1973, 1986 жылы туған әйел адамдар. Олардан COVID-19 скринигтен өту барысында және ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгін кезде анықталды.

Ал тағы 14 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олардың алтауы 1991, 1974, 1982, 1968, 1991, 1961 жылы туған әйел адамдар және 1992, 1979, 1982, 1967, 1994, 1964 жылы туған ер адамдар. Сондай-ақ 2019 жылы туған екі бала. Олардың үшеуі бұрын инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған, сегізі скринингтен өту кезінде, ал қалғандары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Тағы 1 жағдай Жылыой ауданының 1995 жылы туған тұрғынынан анықталды. Одан COVID-19 скринингтен өту кезінде анықталды. 

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. 18.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1379 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1015.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521