Аймақ басшысы депутаттарды қабылдады

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпановты қабылдады» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Өңір басшысы халық қалаулыларымен облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы пікірлесті. Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңесте берген тапсырмаларының жүзеге асырылу жолдарын мәлімдеді.

whatsapp-image-2021-05-04-at-17_35_01

«Атырау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының жобасы дайындалды. Осы жоспар аясында ауқымды жұмыстар жасалғалы тұр. Өнеркәсіп орындары ашылып, ірі құрылыс нысандары бой көтермек. Өңірдің ең өзекті мәселелеріне қатысты түйінді мәселелер шешімін тауып, көптеген әлеуметтік нысандар салынып, автокөлік жолдары салынып, жаңғыртылады. Мұның барлығы облысымыздың дамуына тың серпін берері сөзсіз» деді Махамбет Досмұхамбетов.

whatsapp-image-2021-05-04-at-17_35_00

Айта кету керек, бұл Сенат депутаттарының осы жылы Атырау облысына екінші мәрте жасап отырған сапары.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика