Қаладағы қос мектепте инклюзивті қолдау сыныптары ашылды

Атырау қаласында «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі психикалық және сөйлеу қабілеті тежелген балалармен жұмыс жасауда.

Сондай-ақ ол аутизм белгілері бар балаларды дамыту, ерекше балалардың қалыпты балалармен бірдей деңгейде білім алуына жағдай жасау мақсатында инклюзивті қолдау сыныптарын дайындау бағытында қызмет атқарып келеді. Жаңа оқу жылында «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық білім беру басқармасы мен Атырау қалалық білім бөлімі және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НСОС) компаниясының қолдауымен №24 және №3 орта мектептерде Инклюзивті қолдау сыныптарын ашып отыр. 12 қыркүйек күні Авангард ықшам ауданында орналасқан №3 орта мектепте орналасқан инклюзивті қолдау сыныбы және 13 қыркүйек күні Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан №24 орта мектепте Инклюзивті қолдау сыныбы салтанатты түрде ашылды.

 

Инклюзивті қолдау сыныбының ашылу салтанатына «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НСОС) компаниясы сыртқы байланыстар менеджері Жагпар Егізбаев, жұртшылықпен байланыс бөлімінің жетекшісі Альбина Мухамбетова және Атырау облыстық Білім беру басқармасы бөлім басшысы Анар Маратқызы, Атырау қалалық білім беру бөлімі басшысы Фаруза Гарифуллақызы, облыстық мәслихат депутаты, «Білім» бағыты бойынша партиялық куратор Нұрлы Тельманқызы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Данагүл Жайлаубаева, мектеп директорлары, мұғалімдер және ерекше балалардың ата-аналары қатысты.

shkol3 

Шара барысында «Инклюзия Болашақ Атырау» ҚБ төрайымы Арайлым Нугманова инклюзивті қолдау сыныбының ерекшелігі мен артықшылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Айтуынша, инклюзивті сыныптарда психикалық және сөйлеу қабілеті тежелген, аутизмі бар балалар арнайы маманның сүйемелдеуімен қалыпты балалардың қатарында оқуға мүмкіндік алып, инклюзивті қолдау сыныбында АВА әдісі бойынша зейіндерін, ойлау қабілеттерін дамытады. – Атырау қаласында былтырғы жылы ашылған М.Мөңкеұлы атындағы №6 орта мектептегі инклюзивті қолдау сыныбында 10 ерекше бала арнайы маманның сүйемелдеуімен білім алуда. Ал кеше және бүгін ашылған №3 және №24 орта мектептерден ашылған инклюзивті қолдау сыныптарының әрқайсысында 8 ерекше баладан қамтылатын болады, – дейді Арайлым Бағытжанқызы.

shkol4 

Инклюзивті қолдау сыныбының жасақталуына бас демеушілік көрсеткен «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы сыртқы байланыстар менеджері Жагпар Егізбаев мырза өз кезегінде ерекше балалардың білім алуына осындай мүмкідіктер жасалып жатырғандығына үлкен ризашылығын білдіріп, әрқашан маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды қолдауға әзір екендіктерін жеткізді.

shkol5

Ерекше балалардың ата-аналары балаларының қалыпты балалармен теңдей дәрежеде білім алуына осындай жағдай жасап, үлкен жұмыстар жасап жатқан «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі ұжымына, бас демеушілік танытқан «НСОС» компаниясы өкілдеріне алғыстарын жаудырды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521