Алматының Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығына анамнезі өте күрделі 35 апта мерзімде жүкті әйел түсті. Оған бірқатар диагноздар қойылды: коагулопатиямен бірге жүретін ауыр идиопатиялық апластикалық анемия (Хагеман синдромы), тұрақты иммуносупрессивті терапия қажеттілігімен созылмалы трансфузиялық тәуелділік.
Соңғы триместрдегі жүктілік ана мен бала үшін жоғары қауіптермен бірге жүрді.
❗️Негізгі қауіптерге мыналар кірді:
🔹 Тромбоциттер деңгейінің төмендігіне және қан ұюының бұзылуына байланысты босану кезінде жаппай қан кету қаупі жоғары.
🔹 Коагулопатия мен антикоагулянттық терапияның қажеттілігін ескере отырып, босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоздың пайда болу қаупі.
🔹 Ананың анемиясымен және жатыр-плацентарлық қан ағымындағы өзгерістермен байланысты ұрық гипоксиясының қаупі.
🔹 Иммуносупрессивтік препараттарды ұзақ уақыт қолданудан туындаған иммундық тұрақсыздық.
Жетекші мамандардың консилиумынан кейін АГПҒО ана мен балаға қауіп-қатерді азайту үшін босануды индукциялау арқылы мерзімінен бұрын босандыру туралы шешім қабылдады.
Барлық қиындықтарға қарамастан дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында физиологиялық босану штаттық режимде өтті. Салмағы 2885 г, бойы 51 см, Апгар шкаласы бойынша 6/8 балл болатын бала дүниеге келді. Өмірдің алғашқы сағаттарында нәресте неонатологтардың бақылауында болды.
Босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоциттердіңмдеңгейін бақылауға, анемияны түзетуге және тромбоздың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Пациентке трансфузиялық терапия, анемияға қарсы және антикоагулянттық емдеу жүргізілді.
Бұл жағдай бүкіл медициналық топ үшін үлкен сынақ болды. Мамандардың іс-қимылдарын нақты үйлестірудің және заманауи медициналық тәсілдердің арқасында ана мен бала үшін босандыру мүмкіндігінше қауіпсіз жүргізілді.
Пациент гематологта әрі қарай бақылау және қолдау терапиясын жалғастыру бойынша ұсыныстармен қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.