Қант диабеті өлімге душар етеді

Бүгінде қант диабеті ауруының қарқынды өсуі әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық мәселелерінің біріне айналып отыр.

Біздің ғаламшардың шамамен 422 миллион тұрғыны осы аурудың құрығына іліккен. Біздің елдегі жағдай да мәз емес. Қазақстан Республикасында ұлттық қант диабеті регистрінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша, 309 мың адам қант диабеті диагнозымен тіркелген. Оның 18 мыңы бірінші типтегі диабетпен, 291 мыңы екінші типпен ауырады екен. Екінші типтегі диабетке шалдыққандардың 65 пайызы – әйелдер. Сусамырға шалдыққан отандастарымыздың 6 мыңға жуығы катарактадан зардап шексе, 3 мыңы инфаркт алған және 1 мың адамның аяғы кесілген.

Ал Атырау қаласы мен облыс бойынша қант диабетіне – 8619 адам шалдыққан. Оның 5504-і Атырау қаласында тіркелген. Осы дерттен көз жұмғандар саны – 175 адам. Тіркеуде тұрғандар ішінде сәбилер саны – 75 бала, жасөспірімдер саны – 19. Инсулин қажет етуші типтегілер саны – 1659 адам.

Мамандардың пікірінше, бұл дертке шалдығу қаупі дәл қазір мейлінше арта түскен. Бұған басты себеп – адамдардың аз қимылдауы, шектен тыс салмақ қосуы, ұн өнімдерін көп пайдалану, майлы және қуырылған тамақтарға көбірек құмарлық, т.б.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521