Ақ желеңді абзал жандарға арналды

Бүгін аудандық «Жалын» мәдениет үйінде медицина саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты салтанатты жиын өткізіліп, адам жанының арашашысы ақ желеңді абзал жандар шаттыққа бөленді.

Мерекелік кештің шымылдығын мың бұралған бишілер «Көш-керуен» биімен ашты. Бұдан кейін жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Полымбет Хасанов аса қадірлі мамандық – медицина саласын меңгеріп, алдына келген науқастардың дертіне шипа сыйлауда абыройлы еңбек етіп жүрген аудан дәрігерлері мен мейірбикелерін құттықтады.

_dsc0669

_dsc0681

 

- Құрметті ағайын, қадірлі медицина саласының қызметкерлері! Өздеріңізге белгілі, елімізде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі адам жанының арашашысы бола жүрген дәрігерлердің кәсіби мерекесі болып бекітілген. Баршамыз үшін де айтулы мерекенің маңызы зор. Себебі, әрбір мемлекеттің басты байлығы – адам және оның өмірі. Сол адамдардың денсаулығының жақсаруы, ұзақ өмір сүруі мен салауатты өмір салтын қалыптастыруы жолында сала мамандарының атқарып жатқан еңбектері ұшан теңіз. Уақытпен санаспай, дертіне шипа іздеген тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп, мейірімді жүректері мен аялы алақандары арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ауданымыздың барша ақ халатты абзал жандарын төл мерекелерімен құттықтаймын, - деген ол аудан медицинасын зор деңгейге көтеріп, өз ісінде ерекшеленіп жүрген сала үздіктерін «Парыз» мейіргер ісі мамандарының республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің Құрмет грамотасымен, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының және өзінің Алғыс хатымен марапаттады.

_dsc0696

_dsc0701

Атап айтқанда, «Парыз» мейіргер ісі мамандарының республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің Құрмет грамотасы аудандық емхананың аға мейірбикесі Гүлнара Сыехова мен аудандық аурухананың аға мейірбикесі Гүлвира Оспановаға ұсынылса, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хатымен аудандық аурухананың дәрігер-фтизиатры Рая Мұқанова және аудандық аурухана ұйымдастыру бөлімінің мейірбикесі Қарлығаш Қабесоваға марапатталды. Ал, аудан әкімінің алғыс хатына аудандық аурухананың жалпы тәжірибелі дәрігері Арайлым Есмұханова, Қамысқала дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі мейірбикесі Эльмира Оразғалиева, аудандық аурухананың дәрігер психо-наркологы Қайрат Исақұлов, Нарын дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі мейірбикесі Луиза Өтешова, Исатай орта мектебінің мейірбикесі Роза Ғабдуллина, аудандық емхананың кардиолог мейірбикесі Жаңылсын Күншығарова, Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкері Анар Каналина, Ұлттық сарапта орталығы аудандық бөлімшесінің сала ардагері Салима Тағатова және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының сала ардагері Бағдагүл Мұханбеталиеваға табысталды.

_dsc0715

Жиын барысында аудан депутаттары корпусының атынан сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев те мереке иелеріне ізгі тілегін арнап, бір топ мамандарды облыстық мәслихат хатшысының және өзінің алғыс хатымен ұлықтады.

_dsc0726

_dsc0728

Олардың ішінде облыстық мәслихат хатшысының Алғыс хатымен аудандық аурухана балалар бөлімшесінің кезекші мейірбикесі Гүлмира Исмурзина және аудандық аурухананың балалар дәрігері Перизат Шаукенова марапатталса, аудандық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Мәриям Нығметжанова, аудандық аурухананың шаруабикесі Нәсіп Құспанова, аудандық емхана хирургия кабинетінің меңгерушісі Гүлмаржан Құрмашева, аудандық емхананың фтизиопедиатр мейірбикесі Шынар Сапарғожиева және аудандық ауруханының дәрігер-эпидемиологі Жазира Есмурзинаға аудандық мәслихат хатшысының Алғыс хаты берілді.

_dsc0753

_dsc0764

_dsc0822

Иә, бұл күні денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің атына айтылған жылы лебіздер мен олардың салаға сіңірген қажырлы еңбектерін бағалаған марапаттың санына шектеу болмады.

_dsc0793

_dsc0795

Олай дейтін себебіміз, салтанатты жиында мінберге көтерілген «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әліби Хайдаров, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Исатай аудандық ауруханасы бойынша кәсіподақ төрайымы Сандуғаш Таутанова және Исатай аудандық аурухана директорының емхана ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Кабулова еңбегімен еленіп, қызметімен көрінген бірқатар мамандарға «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы, AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы, «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы кәсіподақ комитеті төрағасы және аудандық аурухана директорының Алғыс хатын табыстап, мерейлерін үстем етті.

_dsc0735

_dsc0949

_dsc0873

Шара соңы аудан өнерпаздары мен медицина саласы қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастырған саз бағдарламасына ұласты. Сахна төрінде әуезді әндер әуелеп, күмбірлеп күй төгілді.

_dsc0886

Бұл күні айтулы мерекеге орай жиналған халықтың да қарасы қалың болды.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521