Арнайы медициналық тағам туралы не білеміз?

ашық дереккөзден

 

Арнайы тағам — белгілі бір аурулар немесе ағзаның ерекше физиологиялық жағдайлары кезінде қолданылатын, емдік-профилактикалық мақсаттағы тағам түрі. Ол дәрі емес, бірақ емнің маңызды бөлігі болып саналады және дәрігердің ұсынысымен пайдаланылады.

Негізгі ерекшеліктері: Арнайы медициналық тағамның құрамы адамның ауруына немесе қажеттілігіне қарай арнайы бейімделіп дайындалады. Оның құрамында ақуыз, май, көмірсулар, дәрумендер мен минералдар теңгерімді мөлшерде болады немесе кейбір компоненттер әдейі шектеледі (мысалы тұз, қант, лактоза). Сондай-ақ оңай сіңіріледі.

Мысалы, қант диабеті бар адамдарға арналған тағамда қант мөлшері азайтылады, ал асқазан-ішек ауруларында оңай сіңетін тағамдар қолданылады.

Арнайы медициналық тағамға нәрестелерге арналған емдік қоспалар, операциядан кейінгі науқастарға арналған қоректік қоспалар, онкологиялық ауруы бар адамдарға арналған жоғары калориялы өнімдер, бүйрек және бауыр ауруларына арналған арнайы диеталық тағамдар жатады. Сондай-ақ жұтынуы қиындаған науқастарға арналған сұйық немесе пюре түріндегі тағамдар да осы топқа кіреді.

Бұл тағам түрі ағзаны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етіп, әлсіреген кезде күш-қуатты қалпына келтіруге көмектеседі, асқынулардың алдын алады және өмір сапасын жақсартады.

Арнайы медициналық тағамды өз бетінше қолдану ұсынылмайды. Ол тек дәрігер немесе диетологтың кеңесімен және бақылауымен қолданылуы тиіс.

 

Бақытгүл ҚАРТМАҒАНБЕТОВА,
Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT